Басына мұз кесегі түскен павлодарлық әйелдің жағдайы қандай
Жарияланған күні:

Басына мұз кесегі түскен павлодарлық әйелдің жағдайы белгілі болды. Мұз құлаған әйелдің жағдайы туралы белгілі болды. Әйел ауруханадан шықты, деп хабарлайды өңірлік денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басына мұз кесегі түскен павлодарлық әйелдің жағдайы белгілі болды. Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, тексеру барысында сол жақ шеке аймағының соғылған жарақаты анықталды. Жарақатқа алғашқы хирургиялық өңдеу жасалып, асептикалық тігістер мен таңғыш салынды.
Пациент №1 қалалық аурухананың нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Алтыншы тәулікте оң динамикамен үйіне шығарылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодардағы Назарбаев даңғылы, 157-үйдің терезелерінің астымен балалар арбасымен өтіп бара жатқан жас ананың басына мұз кесегі түскені белгілі болған еді. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Кейінірек тәртіп сақшылары бұл оқиғаға абайсызда 12 жасар қыздың қатысы бар екенін хабарлады.
Оның айтуынша, ол балконда тұрып, мұз кесегін сындырып алмақ болғанда, мұз қолынан сырғып кеп төменге құлап, өтіп бара жатқан әйелге тиген. Қыздың ата-анасы жауапкершілікке тартылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2405495-basyna-muz-kesegi-tusken-pavlodarlyq-aielding-zhagdaiy-qandai/
