jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Центр плова" кафесіндегі жарылыс: сотта ешбірі қосымша сұрақтарға жауап бере алмады

    "Центр плова" кафесі
    "Центр плова" кафесі. Кадр: "КТК" арнасы

    Щучинскте 12 адамның өмірін жалмаған "Центр плова" дәмханасындағы жарылысқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. 3 тамызда сарапшылар тыңдалды. Алайда ешбірі адвокаттар мен айыптаушының қосымша сұрақтарына нақты жауап бере алмады, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Сарапшыларға қойылған сұрақ көп болды. Бірақ нақты жауап аз. Облыстық газ мекемесінің инженер маманы кафе ішінен шығарылған газ балондардан газды құйып алып, салмағын нақтылағанын айтты. Екеуі нормадан асып кеткен. Яғни толтырып жіберген. Бірақ газдың нақты түрін анықтамаған. Толтырылған газ қайғылы оқиғаға дейін сол жерде болған.

    Сол күні 200 градустан жоғары қатты жарылыс болса да, ол газдар жарылмаған. Ал жарылыстың себебі — салқыннан ыстық жерге кіргізілген баллон. Сарапшылардың пікірінше, радиатор, яғни батарея жанында алты сағат тұрғаннан кейін жарылған.

    "Газ деңгейі әдеттегіден төмен болды деп топшылаймын", - дейді Көкшетау қаласы “Облгаз” Серіктестігінің инженер маманы Владислав Косс.

    Төтенше жағдай департаментінен келген маман да газ баллоны шамадан тыс толтырылғандықтан жарылуы мүмкін деп топшылады. Ал мемлекеттік стандарт талабы бойынша газ баллонды 45 градустан жоғары жерде сақтауға болмайды. Сол күні жылу беру желісіндегі температура 55 градусты көрсетіпті.

    Бірақ кафедегі батареяның температурасын ешкім өлшеп, анықтамаған. Кейбір куәгер тіпті оның істемей тұрғанын айтқан. Астаналық сарапшы да жарылыс себебі баллонның ыстық жерге келуінен деп отыр. Бірақ облыстық газ мекемесінің маманы газ баллондары көбіне суық жерде сақталатынын айтты.

    "Мен сіздің айтқаныңызды мұқият тыңдап отырмын. Сіз көбіне "мүмкін" және "солай шығар" деген сөзді қолданасыз. Осы себепті егер нақты айта алмасаңыз немесе білмесеңіз, онда солай деп айтыңыз", - дейді адвокат Қайырлы Әбдірахманов.

    Ал үйқамақта отырған газ тасымалдаушы Виктор Домбровскийдің қызы әкесіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты. Жай ғана газ баллонын жеткізуге рұқсаты бар адамды не үшін кінәлайтынын сұрап отыр.

    "Мен әкеме тағылған айыппен келіспеймін, себебі оған жанармай құю станцияларының қызметкерлері мен операторлары сияқты міндет пен айып тағып отыр. Ол тек жеткізуші болды, жанармай құюға, сақтауға, баллондарды толтыруға немесе өлшеуге жауапты емес. Бұл оның міндеті емес. Біз әділдікті қалаймыз", - дейді Виктор Домбровскийдің қызы Кристина Прокурат.

    Сот отырысында тағы бір дерек анықталды. Жарылыс болған күні газ баллоны тасымалданған газ құю станциясының қызметкерлері баллон толтыратын шлангты алып тастаған көрінеді. Бұл сол жердегі бейнежазбадан белгілі болған.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Щучинсктегі жарылыс

    Естеріңізге сала кетейік, 26 ақпанда түнде Щучинск қаласындағы кафеде жарылыс болып, өрт шықты. Бастапқыда оқиға салдарынан шамамен 20 адам зардап шегіп, 6 адамның қаза тапқаны хабарланды. Кейінірек 28 адам зардап шегіп, 12-сі қайтыс болғаны анықталды. Оның көбі – кафе қызметкерлері.

    Алғашқы сот отырысында жәбірленуші тарап тыңдалды.

    "Центр плова" кафесіндегі жарылыс: сотта ешбірі қосымша сұрақтарға жауап бере алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.