jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Түркістан облысында тойда тілек айтамын деп басы дауға қалған ер адамға қатысты іс сотқа жолданды

    тойда тілек айтуға шыққан ер адам
    Тойда тілек айтуға шыққан ер адам. Видеодан кадр: instagram.com/roza_alqozha

    Түркістан облысында тойдағы тілегі желіде тарағаннан кейін ұсталған 66 жастағы тұрғынға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, ер адамға қатысты іс материалдары сотқа жіберілді.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысындағы тойда ортаға тілек айтуға шыққан ер адамның сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқанын жазған едік.

    Бұл жағдайға қатысты Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин мен ҚМДБ өкілдері пікір білдірді.

    Кейін ІІМ Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының жария айтқан сөздері түсірілген бейнежазбаның таралуына байланысты діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

    Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Түркістан облысында тойда тілек айтамын деп басы дауға қалған ер адамға қатысты іс сотқа жолданды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram