jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Елорда маңында құлаған ұшақтан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

    : Twitter

    Нұр-Сұлтан маңында құлаған ұшақта зардап шеккен азаматтардың қазіргі жағдайы белгілі болды. Оқиға орнында 1963 жылы туған ұшқыш Валерий Цись қаза тапса, 1990 жылы туған экипаждың екі мүшесі ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ан-2. Фото: pixabay.com
    Ан-2. Фото: pixabay.com: Twitter

    Бұл туралы Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасында мәлімдеді.

    Максим Сотник бірнеше дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Ал Андрей Мироновта ашық бас сүйек-ми жарақаты және дененің көптеген соққылары бар.

    Апаттың себептерін тексеру үшін азаматтық авиация комитетінің комиссиясы жұмыс істеуде.

    Қазіргі уақытта Бас көлік прокуратурасында аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

    "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы алқаптарын химиялық өңдеуді орындаған АН-2 ұшағының апатқа ұшырауы фактісі бойынша ҚР ҚК 344 - бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды (темір жол, әуе, теңіз немесе өзен көліктерін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу)", - деп хабарлады прокуратурадан.

    Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Әуе оқиғасының тергеу барысы Бас көлік прокуратурасының бақылауына алынды.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 9:50-де Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылынан 10 шақырым жерде АН-2 ұшағы құлады. Оқиға өрістерді химиялық өңдеу кезінде орын алды.

    Қайғылы жағдайға қатысты министр Роман Скляр пікір білдірді.

    Елорда маңында құлаған ұшақтан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.