jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Бортсерік ұшақтың апатты жағдайға түскенін қалай аңғаруға болатынын айтты

    : UGC

    Әдетте экипаж мүшелері ұшақта пайда болған қандай да бір олқылықтар жайлы жолаушыларға тіс жармайды. Сол себепті әуе компаниялардың бірінде қызмет ететін бортсерік лайнердің апатқа не жоспардан тыс жағдайға түскенін қалай аңғаруға болатынын айтып өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Express сайтына сілтеме жасап.

    Борт серік
    Көрнекі фото: hrmonitor.ru сайтынан алынды: UGC

    Бортсерік ұшақта не ұшу кезінде қиындықтар туындағанын қалай білуге болатынын сөз етті. Оның айтуынша, апатты жағдайды не жоспардан тыс кеткен олқылықтарды экипаж мүшелеріне қарап аңғаруға болады екен.

    "Егер сіз бортсеріктердің өз жұмысын қалыпты жасап жатқанын көрсеңіз, демек барлығы ойдағыдай. Қандай да бір қиындықтар туындаса, сіз оларға қарап, бәрін түсінесіз.
    Тіпті, ең қатты турбуленттік жағдайда да бортсеріктер өздерін сабырлы ұстайды. Олардың қорқып не шошынып қалғанын сирек көруге болады. Кейде олар жолаушыларды үрейлендіріп алмас үшін жымиып жүреді", - дейді ол.

    Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырағаны хабарланды.

    Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

    Сонымен қатар, 8 қаңтарда таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққан украиналық Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады.

    Бортсерік ұшақтың апатты жағдайға түскенін қалай аңғаруға болатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.