jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қырағы әйелдер балаларын өрттен арашалап қалды

    Өрт
    Скриншот: CGTN

    Газ баллонынан өрт шыққан кезде лезде әрекет етіп, балаларын оқыс жағдайдан құтқарып қалған аналар желі қолданушыларының алғысына бөленді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

    Оқиға Қытайдың Хэнань провинциясында 28 желтоқсан күні болған. Бұл жайттың видеосы CGTN атты YouTube парақшасында жарияланып, көпшіліктің қызу талқысына түсті.

    Видеода ескі газ баллонының жанында бір топ адам жиналып тұрғанын байқауға болады. Кенет ер адам газ баллонын жаққанда жалын лап ете түседі. Сол сәтте ол қашып үлгергенімен, бұл жайтты тамашалап тұрған екі балақай қауіпті жерде қалып қойған.

    Абырой болғандай, қауіпті бірден сезінген балалардың аналары дереу шара қабылдап, оларды қауіпсіз жерге шығарған.

    Қырағы әйелдердің арқасында балақайлар оқыс жағдайдан аман қалды. Видеоны көрген желі қолданушылары балаларына қарай жүгірген ержүрек нәзік жандыларға мақтауларын жаудырды.

    "Аналар нағыз қаһармандар", "Батыр әрі қырағы екен", "Әр ана махаббатқа лайық", - деп жазған пікір қалдырушылар.

    Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде құлап бара жатқан баласын дер кезінде ұстап үлгерген ананың видеосы тарағанын жазған едік.

    Үйінің пердесін түзеп жатқан келіншек баласының кереуеттің шетіне тым жақын тұрғанын байқамай қалған. Десе де ол бүлдіршіннің жарақат алуына жол бермеді.

    Айта кетсек, аналардың жеделдік, ептілік пен ерлік танытып, балаларын түрлі оқыс жағдайлардан құтқаруы күнделікті өмірде көптеп кездеседі. Себебі, ерекше қырағылықты қажет ететін балақайлардың күтпеген жайттарға тап болып жатуы ғажап емес.

    Қырағы әйелдер балаларын өрттен арашалап қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.