jitsu gif
Оқыс оқиға

    Камчаткада бортында 16 адамы бар тікұшақ құлады

    Тікұшақ
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Мәскеу мен Санкт-Петербургтен келген туристер мінген Ми-8 тікұшағы Камчатка аумағында құлады. Олардың жетеуі тірі. Алдын ала мәліметтер бойынша, әуе апаты Кроноцкий қорығының аймағында болған, тікұшақ көлге құлаған деп хабарлайды РИА Новости.

    "12 тамыз күні 00:50-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 03:50 - ред.) Кроноцкий қорығының Курил көлі аймағына "Витязь-Аэро" компаниясының Ми-8 тікұшағының құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі мен 13 жолаушы болған", - деп хабарлады ресейлік агенттікке төтенше жағдайлар қызметі.

    Тікұшақтың ішінде бала болған. Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі апат орнынан жеті адам табылғанын, олардың екеуі жарақат алғанын нақтылады. "Витязь-Аэро" компаниясы өз кезегінде сегіз адам аман қалғанын хабарлап отыр.

    "Алдын ала болжам бойынша, екі адамның жағдайы ауыр. Қалған ақпарат нақтыланып жатыр", - деп жазады басылым.

    Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарына 45 адам мен сегіз бірлік техника жұмылдырылғанын атап өтті.

    Камчатка өлкесінің Денсаулық сақтау министрлігі өз кезегінде құлаған жерге дәрігерлері бар көліктер жіберілгенін хабарлады. Сондай -ақ, төтенше жағдайлар қызметі құтқару ұшағы тұманға байланысты оқиға орнына ұша алмайтынын мәлімдеді. Адамдарды құтқаруға қорық қызметкерлері де тартылған.

    Сонымен қатар, аталмыш факті бойынша Ресей көлік тергеу комитетінің Шығыс өңіраралық тергеу басқармасы әуе көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

    Life Shot Telegram-арнасы әуе апатына ұшыраған Ми-8 жолаушыларының толық тізімін жариялады.

    Еске сала кетсек, шілде айының басында Ан-26 жолаушылар ұшағы Камчатка түбегінде апатқа ұшыраған еді. Ол кезде бортта болған барлық 28 адам, оның ішінде 22 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі, қаза тапқан болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.