jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте көктайғақ салдарынан құлап, мертіккен адамдар саны артты

    Қар
    Қар. Көрнекі фото: Рexels.com

    Шымкентте көктайғақ салдарынан құлап, дәрігерлердің көмегіне жүгінушілер саны екі есеге артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Агенттіктің мәліметінше, екі күн ішінде Шымкентте 30 сантиметрге жуық қар жауған. Аспаннан түскен ақ ұлпа қар әлі де жауып жатыр.

    Қалада көктайғақтан көлік қозғалысы қиындаған. Дегенмен, қазір коммуналдық сала қызметкерлері жолдарды ашу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ көктайғақтан құлап, жарақат алған тұрғындардың қатары да артқан.

    "Біздің жарақат бекетіне келіп жатқан адамдардың саны күрт өсті. Кеше және бүгін 57 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Көпшілігінің аяқ-қолы сынған. Сол үшін аса қажеттілік болмаса үйден шықпаңыздар", - дейді Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханадағы жарақат бекетінің дәрігер-травматологы Нұрлан Әбдіхалықов.

    Синоптиктердің болжамынша, Шымкентте қар 11 желтоқсанға дейін жауады. Күн райы да аязды болмақ. Қалада ауа температурасы түнде -24-26 градусқа дейін, ал күндіз -13-15 градусқа дейін төмендейді.

    Еске салайық, бұған дейін Шымкентте толассыз жауған қардың салдарынан екі бастырма құлап, бес көлікті басып қалғанын хабарлаған едік.

    Шымкентте көктайғақ салдарынан құлап, мертіккен адамдар саны артты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.