jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

    Жамбыл облысы әкімдігінің ғимараты
    Жамбыл облысы әкімдігінің ғимараты. Фото: gov.kz

    14 наурызда Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 9:42-де Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС ресми сайтында хабарланды.

    Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа қарай 268 шақырым жерде Жамбыл облысының аумағында орналасқан.

    "Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.1. MPV магнитудасы 3,8. Ошағы 25 шақырым тереңдікте", - делінген хабарламада.

    MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ.

    Жер сілкінісінің ошағы
    Жамбыл облысындағы жер сілкінісінің ошағы. Скриншот: some.kz

    Айта кетейік, бұған дейін Сейсмология институтының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматыда жақын арада жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін бе, деген сауалға жауап берген еді.

    Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.