jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Астанадағы балабақшадағы өрт: мекеме басшылығы мен көршілері болған оқиғаға бірін-бірі кінәлады

    Балабақшадағы өрт
    Балабақшадағы өрт. Фото: Астана ТЖД

    Елордада балабақшада өрт шыққаннан кейін мекеме басшылығы мен көршілер арасында жанжал туындады. Тараптар болған оқыс оқиғаға бірін-бірі кінәлады, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайты.

    Кеше Астанада жекеменшік балабақшаның шатыры жанып кеткен болатын. Абырой болғанда, ыстың иісі шығысымен тәрбиешілер балаларды сыртқа шығарып үлгерген. Қызыл жалын тұтанған уақытта бүлдіршіндер енді ғана ұйқыдан оянып жатқан екен.

    Телеарнаның мәліметінше, Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі зардап шеккендер жоқ екенін айтқан. Құтқарушылар оқиға орнына жете салысымен өртті сөндіруге кіріскен.

    "Хлудова 1 көшесіне өрт сөндірушілер келген, олар жеті минуттың ішінде оқиға орнында болған. Келген уақытта екі қабатты ғимараттың төбе бөлігі жанып жатқан. Өрттің жалпы аумағы 300 шаршы метр. Өрт сөндірушілер 40 минуттың ішінде өртті сөндірді", – дейді Астана қаласы ТЖД ресми өкілі Аягөз Фазылова.

    Телеарнаның мәлімдеуінше, жалпы балабақша 70 балаға арналған. Алайда кеше оның тек 26-сы ғана келген көрінеді. Тілсіз жаудың қалай тұтанғаны жөнінде әзірге нақты ақпарат айтылмады. Белгілісі, екі қабатты ғимараттың жартысын бөбекжай жалға алса, екінші бөлігі жекеменшік тұрғын үй екен.

    Үй иесінің айтуынша, биыл қар қалың түскеннен, балабақшаның шатырына су жиналған. Қар түгелдей еріп, шатырдың кепкенін күтудің орнына, балабақша қызметкерлері өз бетінше оны құрғатпақ болды деп отыр.

    Ал екінші тарап көршілерінің бұл уәжімен мүлде келіспейді.

    "Балабақшада газ баллоны болған жоқ. Көршілердің баллондары жарылды. Өрт сөндірушілер айтады, тексеру жүргізеді. Ешқандай жұмыс жүргізген жоқпыз. 2021 жылы жалға алғаннан бастап еш жұмыс жүргізген жоқпыз", – дейді балабақша меңгерушісі Балжан Абаева.

    Дереккөз: КТК

    Астанадағы балабақшадағы өрт: мекеме басшылығы мен көршілері болған оқиғаға бірін-бірі кінәлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.