jitsu gif
Оқыс оқиға

    Абай облысындағы өрт салдарынан Жетісу облысындағы бірнеше аудан аумағын қалың түтін басты (видео)

    Жетісу облысын түтін басты
    Жетісу облысын түтін басты. Видеодан кадр: Іnstagram.com/galymurat

    Абай облысындағы өрт салдарынан Жетісу облысындағы бірнеше аудан аумағын қалың түтін басты. Бұл туралы Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті Instagram парақшасында хабарлады.

    "Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Абай облысының аумағындағы ірі орман өртінің салдарынан жел бағытының өзгеруі нәтижесінде Жетісу облысындағы бірнеше аудан аумағын қалың түтін басты. Осыған байланысты сабырлы болуларыңызды және маска тағуларыңызды сұраймыз", – делінген ТЖД хабарламасында.

    Сондай-ақ ТЖД өкілдері тыныс алу органдарының ауруы бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес берген.

    Айта кетейік, бірнеше күннен бері Абай облысындағы орман өрті өршіп тұр. Өрт салдарынан "Семей орманы" резерватының Новошульба филиалының 14 қызметкері қаза тапты.

    11 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнына арнайы барып, өрттен қаза тапқан марқұмдардың жақындарымен тілдесіп, олардан кешірім сұрады.

    Сонымен қатар президент жедел штабтың отырысын өткізіп, онда облыс әкіміне сөгіс жариялап, Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрдің есебін тоқтатып, мемлекеттік органдардың жұмысын сынға алды.

    Сондай-ақ Бас прокуратураға уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне нақты баға беруді тапсырды.

    Соңғы мәліметтер бойынша өрт 60 мың гектар аумақты шарпыған.

    Абай облысындағы өрт салдарынан Жетісу облысындағы бірнеше аудан аумағын қалың түтін басты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.