jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында құтқарушылар тауда адасып кеткен екі адамды құтқарып алды

    Жоғалып кеткен адамдарды құтқару сәті
    Құтқарушы мен жоғалып кеткендер. Фото: t.me/qr_tjm

    24 тамызда кешкі сағат 20:21-де Талғар ауданы Қотырбұлақ шатқалында екі турист жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Өтініш берушілерде байланыс болып, құтқарушыларды шақыра алған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында хабарлады.

    "Оқиға орнына ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шықты.

    Құтқарушылар адасып кеткен адамдарды 22:14-те Алатау туристік кешенінің Қотырбұлақ шатқалы ауданында тауып алды.

    Медициналық көмек қажет болған жоқ. Букреев шыңынан Медеуге қарай түсу кезінде туристер көрсеткіштен өтіп кетіп, адасып кеткен", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

    Сондай-ақ құтқарушылар тауға шықпас бұрын үнемі жүретін бағытты мұқият зерттеуді сұрады.

    "Мүмкіндік болған жағдайда офлайн режимде пайдалануға ыңғайлы болатын бағыт картасын жүктеп алған жөн. Күтпеген оқыс оқиға орын алса, көмекке жүгіну үшін 112 немесе 8 (727) 3721560 (Алматы қ. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы) нөміріне қоңырау шалыңыз", - делінген хабарламада.

    Еске сала кетейік, бұған дейін 23 тамыз күні құтқарушылар Алматы облысындағы Талғар асуында адасып кеткен шетелдік әйелді аман-есен тапқаны туралы жазған едік.

    Алматы облысында құтқарушылар тауда адасып кеткен екі адамды құтқарып алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.