jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Жапонияда ұшақтардың соқтығысуы кезінде бес адам қаза тапты

    Токиода өртенген ұшақ
    Токиода өртенген ұшақ. Фото: David Mareuil / Anadolu via Getty Images

    Жапония астанасы Токия қаласының әуежайында екі ұшақтың соқтығысуы нәтижесінде бес адам қаза тапты. Олардың барлығы жағалау күзеті ұшағының экипаж мүшесі болып шықты. Ұшақ апатында әуе кемесінің пилоты ғана тірі қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sky News-ке сілтеме жасап.

    NHK арнасының хабарлауынша, Japan Airlines ұшағымен соқтығысқан жағалау күзеті әуе кемесінің бортында болған алты экипаж мүшесінің бесеуі қаза тапқан. Ұшақ апатында тек әуе кемесінің капитаны ғана аман қалған.

    Айта кетейік, бүгін, 2 қаңтарда Токионың Ханеда әуежайында Japan Airlines ұшағы өртке оранды. Ұшақ бортында болған 379 жолаушы мен экипаж мүшелерінің барлығы эвакуацияланды.

    NHK жергілікті басылымы билік өкілдеріне сүйене отырып, Саппородан ұшып келген ұшақтың жапондық жағалау күзетінің әуе кемесімен соқтығысқанын хабарлады.

    Жапонияда ұшақтардың соқтығысуы кезінде бес адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.