jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Ішінде төрт адам болған: Павлодар облысында жер астына түсіп кеткен автобусты әлі іздеп жатыр

    Павлодар облысында жер астына түсіп кеткен автобусты әлі іздеп жатыр
    Оқиға орны. Фото: ТЖМ

    Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні Майқайың кеніші шахтасының аумағында терең шұңқырға құлап кеткен автобусты іздестіру жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ТЖМ Telegram арнасында хабарлады.

    "Опырылу орнында әлі де топырақ сырғып түсіп жатыр, опырылу шекаралары тұрақты емес.

    Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеуде. Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев бар", - делінген хабарламада.

    Ведомство ақпаратынша, іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологиялық есептоптары тартылды.

    Оқиға орнында барлығы 116 адам және ТЖМ, полиция, КӘАҚҚ РОШ, "103" қызметі бөлімшелерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 23 техникасы жұмылдырылды.

    Еске сала кетсек, Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні Майқайың кеніші шахтасының жанында автобус терең шұңқырға құлап кетіп, екі адам қаза тапқан еді. Олардың денесі жер бетіне шығарылған.

    Облыс әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, автобуста 4 адам болды - Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Павлодар филиалының 3 қызметкері мен автобус жүргізушісі.

    Ішінде төрт адам болған: Павлодар облысында жер астына түсіп кеткен автобусты әлі іздеп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.