jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыдағы су құбыры желілері жер сілкінісіне төтеп бере ала ма: министр жауап берді

    Шүмектен ағып тұрған су
    Ағып тұрған суық су. Көрнекі фото: Pixabay.com

    Бүгін Үкімет отырысында су ресурстары және ирригация министрі Алматыдағы су құбыры желілері жер сілкінісіне төтеп бере ме деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлады.

    Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке желілер мен су қоймалары жер сілкінісіне төтеп бере ме деген сұрақ қойылды.

    "Алматыда ірі су қоймалары жоқ, ауыз су жер асты су көздері арқылы қамтамасыз етіледі.

    Барлық жүйе, ауыз су бүгінде құрылыс нормалары негізінде жасалған, сондықтан осы жер сілкінісі кезінде қала тұрғындарын сумен қамтамасыз етуде ешқандай олқылық болған жоқ", - деді министр Нұржан Нұржігітов.

    Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында жер сілкінісі сезілді.

    Жерасты дүмпулері әсіресе Алматы тұрғындарына қатты сезілді. ТЖД ақпаратынша, Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алматының кей аудандарының тұрғындары жер сілкінісі кем дегенде 5 минутқа созылғанын жеткізді.

    Содан бері Қазақстанда 2,5 мыңға жуық афтершок тіркелген. Тұрғындар оның тек 12-сін сезген.

    Алматыдағы су құбыры желілері жер сілкінісіне төтеп бере ала ма: министр жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.