jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Атырауда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

    Атырау су тасқыны
    Атырау су тасқыны. Видеодан кадр: КТК арнасы

    Атырауда бір аптаға созылған су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Алайда жергілікті билік әзірге су тасқынына төтеп бере алмай отыр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Атырауда 10 күннен бері үйлерді еріген су басып жатыр. Су тартылып жатқанымен, бірнеше ықшамауданның тұрғындары әлі үйлеріне кіре алмай жүр.

    "Олар төтенше жағдай жариялады, құдық сүзгілерін орнатты. Бірақ су сол күйінде қалды. Ешқандай азайған жоқ. Ал ертең үйіміз суға батып, жарылып кетсе, кім кінәлі болады? Бізге кім көмектеседі, бәрі қалпына келе ме?", – деді жергілікті тұрғын Ырысты Сахарбайқызы.

    Арна мәліметіне сүйенсек, қалада төтенше жағдай жарияланды. Су тасқынымен күресті күшейту үшін қосымша қаражат пен техника бөлінді. Алайда, үй-мүлкін су басқандарға келтірілген шығын өтеле ме, жоқ па, әзірге белгісіз.

    "Екі компаниямен келісімшарт жасалды. Бүгінгі таңда 22 ұңғыма сүзгілеу сорғылары орнатылды. Жалпы, төтенше жағдай шешімімен ұңғыма сүзгілеу сорғыларына және айдалатын жер асты суларын шығаруға 240 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Материалдық өтемақы мәселесі көтерілген жоқ", - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ерболат Омаров.

    Айта кетейік, осыған дейін Атырау тұрғындары өңірде төтенше жағдай жариялауды талап еткен болатын.

    Атырауда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.