jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Абай облысында "Омбы–Майқапшағай" халықаралық тасжолының бір бөлігін су шайды (видео)

    Қалбатау-Майқапшағай тасжолы
    Қалбатау-Майқапшағай тасжолы. Видеодан кадр: Абай облыстық ПД баспасөз қызметі

    Абай облысында "Омбы-Майқапшағай" халықаралық тасжолының бір бөлігін тасқын шайып кетті. Салдарынан үш автобус пен 30-ға жуық жеңіл көлік су басқан жерден өте алмай жолда қалған. Оларға полиция көмекке келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Боғас пен Зайсан аралығында көліктер тұрып қалған. Еріген қар суы тас жолдарды шайып жатқандықтан қозғалыс қиындаған. Полиция қызметкерлері су құрсауынан 72 жолаушыны құтқарды. Оның 19-ы бала.

    "Абай облысының полицейлері үш автобусты алып жүрді. "Қалбатау-Майқапшағай" тас жолында жолаушылар тасқынның құрсауында қалды. Күн күрт жылынғандықтан жол учаскілерін су басуда. Су тасқынына қарсы іс- шаралар жалғасып жатыр", - дейді Абай облысы полиция департаментінің имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар басқармасының аға инспекторы Айдана Қозыбаева.

    Ал "ҚазАвтоЖол" мамандары қатынасты қалыпқа келтіру үшін жұмысты үздіксіз жүргізіп жатқандарын айтты. Олардың мәліметіне сүйенсек, өңірдегі аудандық маңызы бар үш жолды тасқын су алған. Елдімекендермен қатынас үзілген. Қазір өңірдегі барлық жолда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су деңгейіне мониторинг жүргізілуде.

    Автор: Елжан Нұрболатов

    Абай облысында "Омбы–Майқапшағай" халықаралық тасжолының бір бөлігін су шайды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.