jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда 30 мыңға жуық тұрғынға қауіп төндіріп тұрған бөгет жайлы не белгілі

    Су бөгеті
    Су бөгеті. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматыда "Ақсай" бассейніндегі селден қорғайтын бөгетті тексеру барысында 30 мыңға жуық алматылық тұрғынның өміріне қауіп төнген заңбұзушылық анықталды. Бөгет қорғау керек болған аумақтар аталып өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Осыған дейін төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің "Ақсай" бассейніндегі селді ұстайтын бөгетті тексергенін ведостваның Telegram-дағы арнасы хабарлады. Тексеру нәтижесінде мердігердің аталған объектіні салу бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты белгілі бір заңбұзушылықтар анықталған.

    Соның салдарынан Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төнгенгені белгілі болды.

    Айта кетейік, өткен жылдың сәуірінде төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында селден қорғайтын үш бөгет салынғанын хабарлаған болатын. Соның бірі былтыр аяқталуы тиіс Ақсай алабындағы аталмыш бөгет болды.

    Бөгет келесі нысандарды селден инженерлік қорғауды қамтамасыз етуі керек болған:

    • Ленинец пионер лагері;
    • "Ақсай" саяжай аумағы мен орман шаруашылығы;
    • Алматы қаласы, Наурызбай ауданы Ақжар ауылы;
    • Сонымен қатар "Ақсай" өзені бойында орналасқан басқа да елдімекендер.
    Алматыда 30 мыңға жуық тұрғынға қауіп төндіріп тұрған бөгет жайлы не белгілі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.