jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбеде қоймада шыққан өрт сөндірілді (фото)

    Ақтөбеде өртенген қойма
    Өртенген қойма. Фото: t.me/qr_tjm

    Өрт сөндірушілер Ақтөбедегі қоймада шыққан өртті сөндірді. Оның аумағы 650 шаршы метр болған, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында.

    ТЖМ ақпараты бойынша, Ақтөбеде қоймада шыққан өрт сөндірілді. Оның аумағы 650 шаршы метрге жеткен. Өрт шамамен бір жарым сағатта сөндірілді.

    Еске салайық, әлеуметтік желіде Ақтөбедегі құрылыс материалдары сақталған қойма өртке оранғаны түсірілген видео тарады.

    Ведомство мәліметіне сүйенсек, өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 60 қызметкері мен 10 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылған.

    Сондай-ақ өрт болған жерге жоғары дәреже бойынша Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары мен қызметкерлері келген.

    Ақтөбеде қоймада шыққан өрт сөндірілді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.