jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанай облысында тағы бір табиғи өрт сөндірілді

    Өртке тікүшақпен су шашу сәті
    Су шашу сәті. Видеодан скриншот: t.me/qr_tjm

    Қостанай облысы аумағында табиғи өрт сөндірілді. Бүгін өңірде құрғақ шөп өртенді, алдын ала болжам бойынша өрт 5 мың га аумақты шарпыған. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылынан 15 шақырым жерде құрғақ шөп өртенген. Желдің екпіні 25 м/с дейін жеткендіктен, өрттің мемлекеттік қордың орман алқабына өту қаупі туындаған.

    Өрт ошақтарына дереу құтқарушылар топтары, оның ішінде өрт сөндіру авиациясы тартылған.

    Өртті сөндіруге жеке құрамнан 200-ге жуық адам, 33 техника, тікұшақтар мен өрт пойызы жұмылдырылған. 7 рет жалпы көлемі 18 тоннадан асатын су төгілген.

    Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің нақты ауданы анықталып жатыр.

    ТЖМ һкілдері азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды.

    Еске салсақ, 6 қазанда Қазақстанның екі өңірінде ірі өрт болып жатқанын хабарлаған едік.

    Кейінірек Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапқаны белгілі болды.

    Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері дала өртін сөндіру кезінде күйік шалған 4 өрт сөндірушінің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.

    7 қазанда, сағат 18:30-да ТЖМ өкілдері екі облыста өрт шалған аумақ 45 мың гектарға жеткенін хабарлады.

    8 қазанда ірі өрт шыққан Қарқаралы ауданының әкімі өңірдегі ахуал туралы баяндады.

    Бүгін ТЖМ бөлімшелері Павлодар облысының аумағындағы дала өртін сөндірді. Жағдайдың тұрақталуына байланысты Баянауыл ауданы Желтау ауылының эвакуацияланған 18 тұрғыны үйлеріне оралды.

    KAZ.NUR.KZ тілшісі Баянауылдағы Желтау қыстағының шаруаларымен тілдесіп, өрттен қалай аман қалғанын біліп қайтты.

    Қостанай облысында тағы бір табиғи өрт сөндірілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.