Оқыс оқиға

Зектілері

"Көмек көрсетіледі": Түркістан облысында бір үй түгел өртеніп кеткен (фото)

Жарияланған күні:

Өртенген үй
Өртенген үй. Фото: instagram.com/sauran_audanynyn_akimdigi

Түркістан облысы Сауран ауданы Шорнақ ауылында бір үй түгел отқа оранған. Қазіргі таңда өрттен зардап шеккендерге қолдау көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды аудан әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров барып, жағдаймен танысқан. Ол тұрғындармен тілдесіп, көмек көрсетілетінін айтты.

“Біз бұл жағдайдан тысқары қала алмадық. Баспана иелеріне көмек көрсету жөнінде шешім қабылдадық. Аудан тарапынан тұрғын үйді жөндеуге көмек көрсетілетін болады. Дегенмен отбасына әлі де көмек қажет. Өрттен зардап шеккендердің барлық тілектерін тыңдадық, бұл оқиғаны біз бақылауда ұстаймыз", - деді аудан әкімі.

Отқа оранған үй тұрғындары да, қазір сабырға келіп, баспанасын қалпына келтіру жұмыстарын бастаған. Аудан әкімдігі өкілдері тұрғындардан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Еске салайық, Астананың Байқоңыр ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шыққан шыққан еді. Оқиға орнына құтқарушылар жетіп, көп ұзамай тілсіз жау сөндірілді.

Cондай-ақ Теміртауда екі қабатты жеке тұрғын үй өртенген болатын. Өрт сөндірушілер 1 газ баллонын өрттен қауіпсіз аймаққа шығарып, 150 шаршы метр алаңдағы өртті ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2172583-komek-korsetiledi-turkistan-oblysynda-bir-ui-tugel-ortenip-ketken-foto/