jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбе облысында адамдар мінген екі көлік қар құрсауында қалып қойды (видео)

    Құтқару сәті
    Құтқару сәті. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    Ақтөбе облысында құтқарушылар далада қар құрсауында қалып қойған бірнеше көлікті алып шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылына жақын маңайда 2 ер адам ауа райының қолайсыздығына қарамастан мал тексеруге кетіп, қарда тұрып қалған.

    Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар қар құрсауында тұрып қалған жеңіл автокөлікті эвакуациялап, азаматтарды құтқарды.

    Оған қоса, қайтар жолда дәл солай қарда тұрып қалған ішінде екі адам бар жеңіл автокөлікті көріп, оларды да эвакуациялап, құтқарды.

    Азаматтардың тұрғылықты жеріне жеткізілгені белгілі болды. Олардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж емес.

    Еске салсақ, бұған дейін ауа райына байланысты бірнеше облыста республикалық тасжолдар жабылғаны туралы жазған едік.

    Ақтөбе облысында адамдар мінген екі көлік қар құрсауында қалып қойды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.