jitsu gif
Оқыс оқиға

    Астанада қатты жел балаларды ұшырып әкете жаздады (видео)

    Жел ұшырған балалар
    Жел ұшырған балалар. Видеодан кадр: TikTok/@daurengooo

    Астанада куәгерлер қатты желдің көше бойымен келе жатқан балаларды ұшырып әкете жаздағанын видеоға түсіріп алды. Елордада қолайсыз ауа райының басталуынан бір күн бұрын құтқарушылар желдің екпіні 30 м/с болатынын ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Астанада түсірілген кадрды daurengooo атты TikTok қолданушысы жариялады. Одан көшеде кетіп бара жатқан төрт баланы жел ұшырып әкете жаздағанын көріге болады. Балалар темір қоршаулардан ұстап үлгерген.

    Сондай-ақ пайдаланушы жол белгілерінің желден қатты тербелетінін көрсетті.

    Видео бір күн бұрын, 6 қарашада жарияланған.

    Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылған!

    Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда мектеп оқушылары қашықтан оқытуға көшірілгені туралы хабарлаған едік.

    Оған қолайсыз ауа райы себеп болды. Қалада ауа температурасы -1 градус және желдің жылдамдығы 14-25 м/с.

    Айта кетейік, 5 қарашада Ақтауда қатты жел тұрып, ағаштар мен аялдамалар құлап, бірнеше адам жарақат алып, аруханаға жеткізілгенін жазған едік.

    Сондай-ақ 6 қарашада Маңғыстау облысындағы мектептер мен колледждерде сабақ қашықтан оқытылды. Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.