jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    ТЖД өкілдері елордалықтарға ескерту жасады

    Астана қаласы
    Астана қаласы. Фото: Aytac Unal/Anadolu via Getty Images

    Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті өкілдері елордалықтарға ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Қазгидромет" РМК деректеріне сүйенген Астана қалалық ТЖД мәліметінше, 8 қарашада түнде бұрқасын күтіледі.

    Жел оңтүстік-батыстан соғады, жел екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді деп ескертілді.

    Айта кетейік, бұған дейін қатты жел салдарынан Астананың кейбір аудандары жарықсыз қалғанын жазған едік.

    Сондай-ақ Астана әуежайында ауа райына байланысты рейстер тағы да кешіктірілгені мәлім болды.

    Ауа райына байланысты 7 қарашада Астанада мектеп оқушылары да қашықтан оқытуға ауыстырылды.

    Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері қатты жел салдарынан жарақат алған 140-тан астам адам травматологиялық пункттерге түскенін хабарлаған еді.

    ТЖД өкілдері елордалықтарға ескерту жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.