jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Бұрынғы мешіт ғимаратындағы газ жарылысы: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

    Аурухана дәлізіндегі науқас кереуеті
    Аурухана іші. Көрнекі фото: pexels.com

    Ақмола облысындағы бұрынғы мешіт ғимаратындағы газ жарылысы салдарынан зардап шеккен 16 адам Астана қалалық стационарларына жеткізілді. Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері олардың қазіргі жағдайы туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылындағы мешітте газ жарылысынан зардап шеккен 16 адам Астананың қалалық стационарларына жеткізілді. Оның ішінде 13 ересек және 3 бала. 7 жәбірленуші реанимация бөлімшесінде, 6 адам Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының политравма, эндопротездеу және комбустиология бөлімшесіне орналастырылды.

    Алдын ала диагноз – әртүрлі дәрежедегі жалынның термиялық күйіктері. Барлық зардап шеккендерге тиісті медицналық көмек көрсетіліп жатыр, - делінген басқарманың ресми хабарламасында. 

    Еске сала кетейік ,бұған дейін Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылында газ баллоны жарылып, салдарынан үш адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

    Бұрынғы мешіт ғимаратындағы газ жарылысы: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.