jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Астана аспанында ұшқан әскери ұшақтар тағы да видеоға түсіп қалды

    Аспандағы түтін
    Аспандағы түтін. Фото: NUR.KZ

    Бүгін дәл кешегідей Астананың қақ ортасынан жойғыш ұшақтар тағы да ұшып өтті. Ұшақтардың даусы мен түтіні азаматтардың назарын аударды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін Астана аспанында қатарынан ұшып бара жатқан әскери ұшақтар тағы да видеоға түсіп қалды. Елордадағы көпқабатты үйлердің үстінде түтіннің ізі қалды.

    Еске салсақ, Қорғаныс министрлігінде 23 және 24 қарашада Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде жауынгерлік авиацияның жоспарлы ұшулары өтетіні ескертілді.

    Сондай-ақ Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің алдағы отырысына байланысты Астана тұрғындарына үндеу жасады.

    Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, 27-28 қарашада шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына дайындық аясында Астана көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.