Оқыс оқиға

Зектілері

Ресей Украина астанасын зымыранмен атқылады (фото, видео)

Жарияланған күні:

Соққы салдары
Соққы салдары. Фото: Andriy Zhyhaylo/Obozrevatel/Global Images Ukraine via Getty Images

Жұма күні таңертең Киев пен украин астанасы маңындағы елдімекендерге дүрсін-дүрсін соққы жасалды. Үйлер қирап, адамдар зардап шекті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жергілікті ақпарат көздеріне сүйене отырып хабарлайды.

Киев қаласы мемлекеттік әкімшілігінің Тelegram-дағы арнасында жарияланған мәліметтерге қарағанда, астанада шабуылдан бір адам мерт болып, 11 адам зардап шеккен. Бес тұрғын ауруханада емделіп жатыр, қалғандары дәрігер көмегінен бас тартқан.

РБК-Украина басылымының мемлекеттік төтенше жағдайлар жөніндегі қызметіне сүйене отырып хабарлауынша, Киевте қираған ғимараттарды аршып жатыр.

  • Голосеев ауданында бес автомобиль жанып кетті, газ құбыры сынды, бизнес-орталығы өртенді.
  • Шевченко ауданында әкімшілік ғимаратындағы өрт сөндірілді.
  • Печерск ауданында автомобиль мен гараж өртенді.

Құтқару жұмыстарына 120 маман мен 30-дан аса техника жұмылдырылған.

DW мәліметінше, Киевте бүгін таңертең кем дегенде алты жарылыс дыбысы естілді. Сол кезде Киев басшысы Кличко атып түсірілген зымырандар қалдықтары Голосеев, Соломенск, Шевченко және Днепровск аудандарына құлағанын хабарлаған.

Бұған қоса, Аргентина, Албания, Португалия және Черногория елшілігі орналасқан ғимарат зардап шеккені мәлім болды.

"Шабуылдардан дипломатиялық ғимараттардың зардап шегуіне жол беруге болмайды", - деп мәлімдеді Португалия СІМ басшысы Паулу Ранжел.

Бұл уақытта Ресей қорғаныс министрлігі Украина аумағына соққы жасағанын растады. Мекеме Киевтегі "Луч" конструктор бюросын және басқа да стратегиялық нысандарды көздегенін мәлімдеді. Мұнда "Нептун" зымыран кешендері шығарылады.

УНИАН басылымының мәліметінше, Ростов облысынан "Искандер-М" баллистикалық зымырандарымен соққы жасалған. Бұған қоса, Курс облысы аумағынан қашықтан басқарылатын Х-59/69 авиациялық зымырандары, ал Брянкс, Меллерово, Орел, Приморско-Ахтарск аудандарынан "Shahed" зымырандары мен басқа да дрондармен атқыланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2202938-resei-ukraina-astanasyn-zymyranmen-atqylady-foto-video/