Риддердегі жылу электр станциясында жарылыс болды: 6 адам зардап шекті
Жарияланған күні:

Риддер қаласындағы жылу эектр станциясындағы таспалы транспортер аумағында жоспарлы жөндеу-монтаждау жұмыстары кезінде шаң-ауа қоспасы жарылып, 6 адам адам жарақат алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Риддер қаласы әкімдігінің мәліметінше, бүгін таңғы 4:39-да "Риддер ЖЭО"-да таспалы транспортер аумағында жоспарлы жөндеу-монтаждау жұмыстары кезінде шаң-ауа қоспасының жарылысы болған, бірақ өрт шықпаған.
Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев барды.
"Оқыс оқиға салдарынан 6 адам зардап шекті. Қазір олар ауруханада, жағдайлары тұрақты. Біз станция директорымен бірге нысанды толығымен тексеріп шықтық. Станция жұмыс істеп тұр", - деді әкім.
Әкімдік тұрғын үйлердегі температураның қалыпты деңгейде екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта Риддер қаласында ауа температурасы -4 градус.
"Шығыс жылу" АҚ мамандары қала жылу жүйесін тексеріп, реттеу жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты желідегі қысым уақытша аздап төмендеуі мүмкін екені хабарланды.
Бұған дейін Алматы облысының Талғар ауданында трансформатордың қысқа тұйықталуы салдарынан қосалқы станция жанғанын жазған болатынбыз. Ал Жезқазған жылу энергия орталығында үш қазандық істен шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2203137-ridderdegi-zhylu-elektr-stantsiiasynda-zharylys-boldy-6-adam-zardap-shekti/