jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанай облысында су тасқыны салдарынан жол жабылды

    Су тасқыны
    Су тасқыны. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қостанай облысы Қарасу ауданында көктемгі су тасқынынан кейін Алабота және Қойбағар көлдеріндегі су деңгейінің көтерілуі "Қарасу-Үлкен Чураковка" тас жолының (0-15 км) жабылуына себеп болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Облыстың төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, көл сулары нормадан асып, жолдың кейбір учаскелеріне жайылған.

    Осыған байланысты көлік қозғалысы уақытша тоқтатылып, Новоселовка ауылы мен Әулиекөл ауданы арқылы балама бағыттар ұсынылды.

    Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта жағдай тұрақталған, елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ. Төтенше жағдайлар қызметі жағдайды толық бақылауда ұстап отыр.

    Сәуір айында Қостанай облысында "Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай" тасжолының -22 учаскесіндегі жолдарда су тасқыны болғанын еске саламыз. Бұған Тобыл өзенінің тасуы және Ресей Федерациясынан судың көп келуі себеп болған.

    Көп ұзамай Есіл өзенінің су деңгейі көтеріліп, Ақмола облысында жолды су шайып кеткен болатын. Ол кезде Көкшетау – Атбасар автомобиль жолының 120-184 километрінің, яғни Максимовка ауылынан Атбасар қаласына учаскесінің жүру бөлігін су алуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

    Қостанай облысында су тасқыны салдарынан жол жабылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.