jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте басты жаңажылдық шырша өртенді

    Шымкентте отқа оранған шырша
    Шырша. Видеодан кадр: ҚР ТЖМ

    Шымкентте шырша өртенді. Бүгін 21 желтоқсан кешкі уақытта жаңажылдық шыршаны тамашалауға келген көпшілік шыршаның шын мәнінде жағылғанына куә болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі жазады.

    Шымкент қаласында жаңажылдық шыршаны жағу рәсімі 21 желтоқсан сағат 17.00-ге жоспарланған болатын. Жаңажылдық бұл рәсімді тамашалауға жиналған қала тұрғындары мен қонақтары шыршаның шын мәнінде жағылғанына куә болды.

    "Нұрсәт" ықшамауданындағы "Астана" алаңында жайқалып тұрған әсем шырша көпшіліктің көз алдында өртке орана бастаған, дегенмен тілсіз жау жиналғандардың мерекелік көңіл күйіне кері әсерін тигізген жоқ. Жоспарға сәйкес, сахнада әнші мен бишілер үздіксіз өнер көрсетіп жатты.

    Қызыл жалынды өрт сөндірушілер 4 минутта сөндіріп үлгірген. Өрт салдарынан шыршаның 0,2 шаршы метр аумағы жанып кеткен.

    “Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілікте тұрған қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында өрт 4 минут ішінде, яғни сағат 18:13-те оқшауланып, 18:20-да толықтай сөндірілді.

    Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында зардап шеккендер мен жарақат алғандар болған жоқ.

    Төтенше жағдайлар департаменті жаңажылдық мерекелермен байланысты іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді”, - деп хабарлайды Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменінің баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, Шымкент қаласында биылғы жаңажылдық безендіру мен мерекелік іс-шараларға 80 млн теңге қарастырылған.

    Шымкентте басты жаңажылдық шырша өртенді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.