Тоқаев Ұлытау кен орнындағы қайғылы оқиғаға қатысты көңіл айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысындағы кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтып, мемлекеттік органдарға тапсырма берді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақмыс" корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
️Мемлекет басшысы үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді.
️Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді.
Еске салсақ, 17 ақпанда Ұлытау облысындағы "Жомарт" кен орнында тау-кен массасы опырылған еді. ТЖМ дерегінше, оқиға орнында жеті жұмысшы болған.
Оқиға орнына дереу Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен Қазақстан ТЖМ психологтары жіберілді.
Барлық жеті жұмысшының денесі жер бетіне шығарылып, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Полицейлер Ұлытаудағы шахтада болған қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Премьер-министр Бектенов Ұлытау облысындағы шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құруды тапсырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2221578-toqaev-ulytau-ken-ornyndagy-qaigyly-oqigaga-qatysty-kongil-aitty/