jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

    Карта
    Скриншот: kndc.kz

    Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Қазақстан ұлттық деректер орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Орталықтың ресми сайтындағы мәліметіне сүйенсек, Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының мәліметтер орталығының жедел деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 28 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 07:54 (GMT 02:54) Шығыс Қазақстан облысының аумағында, Күршім ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді.

    Эпицентр координаттары – 48,49 градус солтүстік ендік, 83,56 градус шығыс бойлықта. Магнитудасы – 4,5. Энергетикалық класы – 10,9. Тереңдігі – 16 км.

    Айта кетейік, кеше 27 тамызда Маңғыстау облысында да жер сілкінгенін хабарлағанбыз.

    Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2321 км жерде Ресей аумағында орналасқан. Жер сілкінісі Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан 209 шақырым жерде 2 балл болып сезілген. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.

    Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.