jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматы маңындағы полигонда шыққан өрт оқшауланды

    Полигондағы өрт
    Полигондағы өрт: ТЖМ

    Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт оқшауланды. Бұл туралы бүгін 20 қыркүйекте Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Полигондағы өрт 15 қыркүйекте таңғы уақытта басталған болатын. Өрт сөндірушілер дүйсенбіден бері жалынмен күресіп келді.

    Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен полиция департаменті жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті сөндіру бірқатар қиындыққа байланысты оңайға соқпаған.

    Сонымен қатар "ҚазАвтоЖол" азаматтарға өрт салдарынан Алматы облысында жол қозғалысы шектелетінін ескертті.

    Өртті сөндіруге басқа облыстардың Төтенше жағдайлар департаменттері жұмылдырылды: Алматы, Шымкент, Жетісу, Абай, Қарағанды, Түркістан және Жамбыл облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттері, сондай-ақ екі әскери бөлімнің әскери қызметкерлері оқиға орнына барды. Барлығы 200-ден астам қызметкер мен 90-нан астам техника жұмылдырылды.

    Төтенше жағдайлар министрлігі қасақана өрт қойылды деген нұсқаны тексеріп жатыр.

    Жақында Алматы облысындағы Алатау қаласында қоқыс полигонындағы өртке байланысты жергілікті техногендік төтенше жағдай режимі енгізілді.

    Алматы маңындағы полигонда шыққан өрт оқшауланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.