Қазақстанның батысында ұшқышсыз ұшу аппараты тәрізді тағы бір нысан құлады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппараты тәрізді тағы бір нысан құлады. Полиция уәкілетті органдармен бірлесіп тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Ақтөбе облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Қарғалы ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру шараларын жүргізіп жатыр.
Нысан елді мекеннің аумағынан тыс жерден табылды. Барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп мәлімдеді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, биыл наурызда Батыс Қазақстан облысынан тағы бір ұшқышсыз ұшу аппараты табылған болатын.
Сондай-ақ былтыр ақпанда Бөкейорда ауданына қарасты Ұялы ауылының аумағында барлауға арналған ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас беймәлім ұшқыш нысан табылған еді.
Кейінірек 18 наурызда Тасқала ауданындағы Атамекен ауылының тұрғындары ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсайтын нысанның табылғанын хабарлады.
25 наурызда БҚО-да ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас тағы бір нысан табылды.
Маусым айында Қорғаныс министрлігінің өкілі БҚО-дан табылған ұшқышсыз ұшатын аппараттар кімге тиесілі екенін айтты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2371374-qazaqstannyng-batysynda-ushqyshsyz-ushu-apparaty-tarizdi-tagy-bir-nysan-qulady/