Алматы әкімдігі Наурызбай ауданында тұрғындар эвакуацияланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Жарияланған күні:
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Наурызбай ауданы әкімдігі аппаратының мәліметінше, Наурызбай ауданы тұрғындарын эвакуациялау жүргізілген жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдіктің хабарлауынша, уақытша орналастыру пункттерін дайындау – ықтимал қауіп төнген жағдайда әрекет ету алгоритмдеріне сәйкес қабылданған алдын алу шарасы ғана. Хабарлау жүйесі іске қосылғанымен, уақытша орналастыру пункттеріне тұрғындар жүгінген жоқ.
"Қалалық қызметтер Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп тәулік бойы жағдайды бақылап, Ақсай өзені бассейніндегі ахуалды қадағалап отыр.
Тұрғындарды сабыр сақтауға, тек ресми ақпаратқа сүйенуге және расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырамыз. Жағдай өзгерген жағдайда тұрғындарға ресми байланыс арналары арқылы жедел ақпарат беріледі", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері Алматының Наурызбай ауданында тұрғындар сел жүру қаупіне байланысты алдын ала эвакуацияланып жатқанын мәлімдеген еді.
Сонымен қатар желіде Ақсай өзеніндегі жағдай түсірілген кадрлар жария болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2395012-almaty-akimdigi-nauryzbai-audanynda-turgyndar-evakuatsiialangany-turaly-aqparatty-zhoqqa-shygardy/