Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің есімі жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қорғаныс министрлігі Каспий теңізіндегі жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің тізімін жариялады. Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткендердің есімі аталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қорғаныс министрлігі денесі табылған және қайтыс болғаны ресми расталған әскери қызметшілердің есімін атады.
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштерінің жеке құрамы Маңғыстау облысындағы жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Маңғыстаудағы әскери қызметшілердің қазасы
Бүгін, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы оқиға болды. Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан әскери қызметшілерді теңізге алып кеткен.
Бастапқыда Қорғаныс министрлігі теңізге алып кеткен 19 әскери қызметшінің тоғызы қаза тапқанын хабарлады. Үш әскери қызметші құтқарылған, олардың біреуі ауруханаға жатқызылған.
Бас прокуратура Ақтау гарнизонындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Сондай-ақ әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеру бойынша үкіметтік комиссия құрылды.
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау облысында төтенше жағдай болған жерден видео жариялады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты.
Артынша, мемлекет басшысы ертең, 25 қыркүйекті республика бойынша жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Соңғы дерек бойынша, қаза тапқан марқұмдар саны 12-ге жеткен. Сонымен бірге қайғылы жайт салдарынан қайтыс болғандардың есімі де жарияланды. Қазіргі таңда тағы екі әскери қызметші іздестіріліп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2432958-manggystaudagy-askeri-zhattygu-kezinde-qaza-tapqan-tengizshilerding-esimi-zhariialandy/
