jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Каспийдегі қайғылы оқиға: 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды, күдіктілер анықталды

    Іздестіру операциясы
    Іздестіру операциясы. Фото: t.me/modgovkz

    Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Telegram-дағы ресим арнасында хабарланғандай, оқиға орны тексеріліп, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынған, құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленген. 12 сараптама тағайындалған.

    "Қызметке салғырт қарады деп күдік келтірілген, сондай-ақ метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау мен қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етпеген, құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған, соның салдарынан адамдардың қаза болуына әкеп соққан лауазымды тұлғалар анықталды.

    Тергеу барлық күдіктілердің әрекеттеріне толық құқықтық баға беріп, оларға қатысты процестік шаралар қабылдайды", - деп мәлімдеді Бас прокуратура.

    Естеріңізге сала кетейік, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы оқиға болды. Оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райының кенеттен әрі күрт нашарлап, жел екпінінің күшеюі салдарынан ашық теңізге 17 әскери қызметшіні алып кеткен болатын.

    Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде үш әскери қызметші құтқарылды. Өкінішке қарай, 12 әскери қызметші қаза тапты. Тағы екеуін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

    Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалды.

    Бүгін – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні.

    Каспийдегі қайғылы оқиға: 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды, күдіктілер анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram