jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда жақын арада жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін бе: ТЖМ болжамы

    Алматы қаласы
    Алматы қаласы. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    ТЖМ бүгін Алматы мен облыс тұрғындары сезген жер сілкінісінен кейін жаңа мәлімдеме жасады. Қазіргі уақытта бақылау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ТЖМ-ның мәліметінше, бүгін, 28 қыркүйекте сағат 09:38-де Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Алматы қаласында сейсмикалық әсердің есептік қарқындылығы 3-4 балл, Қарасай ауданында 2-3 балл болған.

    Жер сілкінісінен кейін ҚР ТЖМ Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының комиссиясы геофизикалық, сейсмологиялық, гидрохимиялық, гидродинамикалық және басқа да бақылаулардың деректерін талдаған.

    "Мамандар болған жер сілкінісін фондық сейсмикалық белсенділіктің көріністеріне жатқызады. Алматы болжамдық полигонындағы қазіргі сейсмикалық жағдай тұрақты деп бағаланады.

    ҚР ТЖМ СБЗҰҒО комиссиясының қазіргі бағалауынша, Алматы болжамдық полигоны аумағында жойқын жер сілкінісін күтуге негіз жоқ", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар мамандар сейсмикалық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп, келіп түсетін деректерді талдауды жалғастырып жатыр.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялары жер сілкінісін тіркеді. Жер асты дүмпуі Алматы қаласында сезілгені хабарланды. Желіде алматылықтардың ғимараттар мен пәтерлерден сыртқа шығып жатқан сәті түсірілген видеолар тарала бастады.

    Сондай-ақ ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары өзен арналарына, гидротехникалық құрылыстарға, көшкін және сел қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізді. Бұдан бөлек, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары тексерілген.

    Тексеру нәтижесі бойынша зақымдану анықталмады, қазіргі уақытта аталған нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

    Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген. Жағдай тұрақты.

    Алматыда жақын арада жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін бе: ТЖМ болжамы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram