jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Бақытжан Отарбаева
    Бақытжан Отарбаева
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбе облысында жол апатынан мәслихат депутаты мен мұғалімдер қаза тапқан

    Жол апаты
    Жол апаты болған жерде түсірілген сурет. Фото: Ақтөбе облыстық ПД

    Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан Ырғыз аудандық мәслихатының депутаты Өтеген Әмір Нұрболатұлы мен ерлі-зайыпты мұғалімдер қаза болды. Олардың артында мектеп жасындағы үш баласы қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тасжолында болған жол апатына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Жүк көлігі мен жеңіл көліктің соқтығысуынан екі адам оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Ал көлік тізгіндеген дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды. Бұл деректі облыс әкімінің баспасөз қызметі растады.

    "Жол апатынан қаза болғандардың біреуі аудандық мәслихат депутаты. Екеуі – ерлі-зайыпты. Олар – Ы.Алтынсарин ЖББОМ мұғалімдері. Бірі дене шынықтыру пәнінен сабақ берген, жұбайы бастауыш сынып мұғалімі. Тізгінде 1979 жылғы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған. Жүргізуші жедел жәрдем көлігімен аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, таңғы бесте қайтыс болды", - деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

    Облыс әкімдігінің мәліметінше, ерлі-зайыптының екеуі де 45 жаста. Оқиға орнында қаза болған аудандық мәслихат депутаты небәрі 28 жаста екен. Көлікте қыстырылып қалған марқұмдардың денесін ТМҚП және №12 ӨСБ қызметкерлері холматро құралымен алып шыққан.

    9 мамырда болған жол апаты туралы осыған дейін Ақтөбе облысының полиция департаменті өкілдері хабарлады. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

    Авторы: Ардақ Ерубаева

    Ақтөбе облысында жол апатынан мәслихат депутаты мен мұғалімдер қаза тапқан

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.