jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматы - Өскемен тасжолында әскери техника жол апатына ұшырады (фото)

    жол апатына түскен әскери техника
    Оқиға орнынан фото: t.me/qazavtojol

    Алматы - Өскемен автожолында әскери техника жол апатына ұшырады. Оқиғаның мән-жайын "ҚазАвтоЖол" өкілдері айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "ҚазАвтоЖолдың" мәліметінше, 2025 жылғы 15 қаңтар сағат 13:40 шамасында Алматы - Өскемен автожолының 56 шақырымында, Заречный ауылы маңында "Цзефан" автокөлігінің жүргізушісі тралдан екі әскери техниканы түсіріп алған.

    Салдарынан техника жүру бөлігіне аударылып, сүйемелдеп келе жатқан Ssang Yong Actyon автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

    Сондай-ақ әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео пайда болды.

    Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

    Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 15 қаңтар таңғы 7:30 шамасында Алматы-Өскемен автожолында 18 көлік соқтығысып қалған еді. Кейін полиция өкілдері үш жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жұмыстары бастағанын хабарлады.

    Алматы - Өскемен тасжолында әскери техника жол апатына ұшырады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.