jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жамбыл облысында қызмет бабында қаза тапқан полицей жер қойнына тапсырылды

    Абай Үшкемпірдің жаназасы
    Полицейді жерлеу рәсімі. Фото: polisia.kz

    Жамбылдықтар Қордай ауданында республикалық маңызы бар тасжолда қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған полиция аға лейтенанты Абай Үшкемпірді соңғы сапарға шығарып салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Порталдың хабарлауынша, жаназаға марқұмның отбасы, ағайын-туыстарымен қатар Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, бірге қызметте болған әріптестері мен достары қатысты.

    Абай Үшкемпір қайтыс болғаннан кейін ІІМ-нің "Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды. Қоштасу жиынында медаль марқұмның ата-анасына табысталды.

    Сондай-ақ Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қазаға байланысты көңіл айту хаттары оқылды. Олардың қайғыға ортақ екені және марқұмның отбасына мемлекет тарапынан әрдайым қолдау жасалатыны айтылды.

    Еске сала кетейік, 11 ақпанда Жамбыл облысында қызметтік міндетін атқару кезінде патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Абай Үшкемпір қаза тапты.

    Жамбыл облысында қызмет бабында қаза тапқан полицей жер қойнына тапсырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.