Экс-депутат Базарбек ұшыраған жол апаты: зардап шегушінің жағдайы белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек ұшыраған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен адамның жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, 1989 жылы туған пациент 2026 жылғы 15 тамызда сағат 20:21-де ауруханаға түскен. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
"Диагнозы: көпжарақат, ауыр бас-ми жарақаты, мидың соғылуы, екі жақтағы қабырғалардың көптеген сынуы, екіжақты гемопневмоторакс, оң жақ сирақ сүйектерінің ашық сынуы, II-III дәрежелі травматикалық шок.
Пациенттің жағдайы өте ауыр, бұл көпжарақат пен ауыр травматикалық шокқа байланысты", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.
15 тамызда пациенттің жағдайы бойынша облыстық мамандар: нейрохирург, реаниматолог және торакалды хирург консультация жүргізіп, тиісті ұсынымдар берген. Емдеу шаралары жалғасып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында 36 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткені белгілі болған еді. Әлеуметтік желілерде рульде мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Зардап шеккен азамат ауруханаға түсті. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Бүгін экс-депутат жол апатына ұшырағанын растап, асығыс қорытынды жасамауға және тек ресми ақпарат пен тергеу нәтижелеріне сенуге шақырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2413805-eks-deputat-bazarbek-ushyragan-zhol-apaty-zardap-shegushining-zhagdaiy-belgili-boldy/
