jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    2025 жылы Ораза қай күні басталады: ҚМДБ діни күндер кестесін бекітті

    жаңа мешіт
    Астанадағы мешіт. Көрнекі фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ діни басқарманың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдері Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалғанын атап өтті. 

    Мүфтият мәліметінше, келер жылы Рамазан айы 1 наурызда кіреді. Ал Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түніне белгіленген. Осы орайда басқарма өкілдері белгіленген күндерден бір күн айырмашылық болуы мүмкін екенін ескерткен.

    "Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді", - делінген хабарламада.
    2025 жылғы діни күндер кестесі
    2025 жылғы діни күндер кестесі. : КМДБ

    Айта кетейік, бұған дейін ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына журналистер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы неге жабық мекеме екенін, баспасөз мәслихатын өткізбейтінін айтқан болатын.

    Сонымен қатар Қазақстанның бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы министрлер кабинетінің кулуарында никабқа тыйым салу мүмкіндігіне қатысты пікір білдіргенін жазған едік.

    2025 жылы Ораза қай күні басталады: ҚМДБ діни күндер кестесін бекітті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.