Әлемнің 10 шеткі нүктесі туралы не білесіз
Жарияланған күні:

1580 жылы Фрэнсис Дрейктің жер шарын айналған ағылшын экспедициясы Африканың ең оңтүстік-батыс нүктесі – Қайырлы үміт мүйісін айнала өткен. Осы орайда BIG Picture туристердің барғысы келетін әлемнің ең шеткі нүктелерін назарларыңызға ұсынады.
1. Қайырлы үміт мүйісі, Оңтүстік Африка Республикасы – Африканың ең шеткі оңтүстік-батыс нүктесі. Көпшілік оны континенттің ең оңтүстік нүктесі деп қателеседі.

2. Марроки мүйісі (немесе Тарифа мүйісі), Испания – Еуропа құрлығының ең шеткі оңтүстік нүктесі.

3. Ки-Уэст мүйісі, Флорида штаты – АҚШ-тың құрлықтағы ең шеткі оңтүстік нүктесі.

4. Рока мүйісі, Португалия – Еуропаның ең шеткі батыс нүктесі.

5. Нордкин мүйісі, Норвегия – Еуропаның континенттік ең шеткі солтүстік нүктесі.

6. Пиай мүйісі, Малайзия – Азияның құрлықтағы ең шеткі оңтүстік нүктесі.

7. Кабу-Бранку мүйісі, Бразилия – мүйіс жартастарында шамшырақ орналасқан, онда Оңтүстік Американың ең шығыс нүктесінің белгісі бар, бірақ іс жүзінде ең шеткі нүкте – Сейшас мүйісі.

8. Челюскин мүйісі, Ресей – Еуразия континентінің ең шеткі солтүстік нүктесі.

9. Фроуорд мүйісі, Чили – Оңтүстік Американың ең шеткі оңтүстік нүктесі.

10. Байрон мүйісі, Австралия – Австралия құрлығындағы ең шеткі шығыс нүктесі.

Еске салсақ, әлемде дәмді ас ішу үшін баратын мейрамханалар бар, сонымен қатар ерекше орында отырып, жарқын әсер алуға өмірде кем дегенде бір рет баруға тұрарлық мейрамханалар бар. Бұл мекемелер ерекше жерде орналасқандықтан, туристер арасында танымал орынға айналған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/family/school/1900559-lemni-10-setki-nktesi-turaly-ne-bilesiz/