Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұялы телефонды оятқыш ретінде пайдалану жүйкеге зиян

Опубликовано:

Психологтар оятқыштың дауысы тым қатты болса жүйкеге әсер ететінін айтады. Ал, сағатыңызда лирикалық сарындағы әуендер болса, тәтті ұйқы құшағынан шыға алмай қалуыңыз мүмкін.

Бұл туралы Қазақстан арнасының ресми сайты жазады.

Сағат жөндеуші мамандар қолсағаттан гөрі оятқыштарды көп жөндейтіндерін айтады. 20 жылдан бері осы кәсіппен шұғылданып келе жатқан Иван Гроссу «Көбінесе балалар бұзып тастаған оятқыштарды іске қосамын», дейді.

«Маған көбіне көнеден естелікке қалған антиквариат оятқыштарды жөндетуге әкеледі. Себебі, бұрынғы сағаттар әдемі дизайнымен қатар, әлі күнге дейін іске жарамды механикалық құрылғысымен ерекшеленеді. Сондықтан, ұялы телефоннан гөрі кәдімгі оятқыштарды пайдаланған жөн», - дейді шебер.

Мамандар оятқыш есебінде кварцталған, түрлі әуенді қолсағаттарды қолдануға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1126822-uyaly-telefondy-oyatqysh-retinde-paydal/

pixel