jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Қазақстанда аналар өлімі бойынша "көш бастап тұрған" өңірлер қандай

    перзентхана
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Өткен жылы Қазақстанда аналар өлім-жітімінің көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға азайған. Былтыр аналар өлім-жітімі еліміздің бес өңірінде жиі тіркелген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің дерегінше, 2022 жыл қортындысына сәйкес аналар өлімі бойынша Ұлытау, Атырау, Павлодар, Жетісу және Қызылорда облысы "көш бастап тұр".

    "Қайтыс болған аналардың жас шамасына келер болсақ, олардың 47 пайызы - 30-34 жас аралығындағы әйелдер, ал 20 жасқа дейінгі ана өлімінің көрсеткіші 2 пайызды құрайды. Қайтыс болған аналар арасында ең жас әйел 19-да, ал ең үлкен әйел 42 жаста", - делінген ведомствоның портал тілшісіне берген ресми жауабында.

    Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық әйелдерді соңғы бес жылда контрацепциямен қамту дерегін келтірген.

    "Бес жылдық көрсеткішке көз жүгіртсек, контрацепциямен қамтылу деңгейі 2017 жылы - 34,9 пайыз, 2018 жылы -33,1 пайыз, 2019 жылы - 31,1 пайыз, 2020 жылы - 32,0 пайыз, 2021 жылы -35,4 пайызға тең болған. Яғни, елімізде фертильді жастағы әйелдері арасында контрацепцияны қолдану деңгейі соңғы бес жылда бір қалыпты екендігі байқалады. Өкінішке қарай, елімізде контрацепцияны қолдану бір деңгейде сақталуы - халықтың ақпарттардан хабардар болмауы және жауапкершіліктің төмендігінен", - делінген хабарламада.

    Свежая публикация по теме:
    Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

    Сонымен қатар ведомство контрацепциялау деңгейін арттыру мақсатында елімізде отбасын жоспарлау кабинеттері мен Жастар денсаулық орталықтарының жұмысын жақсарту және әйелдерді контрацепциямен қамту бойынша іс-шараларды іске асыру жалғасып жатқанын атап өткен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.