jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Күретамыры қайта соққан": шымкенттік дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған адамды тірілтіп алды

    аурухана
    Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкенттік дәрігерлер клиникалық өлім күйіне түскен адамды тірілтіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Агенттіктің жазуынша, Шымкент қалалық №2 ауруханасына жедел жәрдеммен 52 жастағы қала тұрғыны аса ауыр хәлде жеткізілген. Науқас жолда клиникалық өлімді бастап кешкен.

    Қиындықтарға қарамастан, дәрігерлер оған дер кезінде алғашқы көмек көрсетіп, нәтижесінде жүрегі тоқтап қалған тұрғынның күретамыры қайта соққан.

    "Тұрғын ауруханаға жеткізілген сәтте жағдайы өте ауыр болды. Клиникалық өліммен жеткізілді. ИВЛ аппаратын қостық. Қазіргі жағдайы тұрақты, науқас өздігінен демалып жатыр. Пациент үшінші күні жансақтау бөлімінен кардиология бөлімшесіне ауыстырылды", - дейді реанимация бөлімінің меңгерушісі Ержан Шераліұлы.

    Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының кардиохирургтары өлім аузында жатқан ер адамның өмірі үшін 10 сағат бойы күресіп, оны аман алып қалған еді.

    "Күретамыры қайта соққан": шымкенттік дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған адамды тірілтіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.