jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағандыда балалардың жаппай улануы: зардап шеккен екі баланың денсаулық жағдайы жақсарды

    Дәрігер
    Дәрігер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Қарағандыдағы әлеуметтік орталықта уланған 14 баланың екеуі емделіп, қайтадан әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жіберілген. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады.

    Телеарна хабарлауынша, кеше түскен екі баланың біреуінің жағдайы орташа-ауыр дәрежеде деп бағаланған. Денсаулық сақтау басқармасының мамандары қалғандарының денсаулығы тұрақты, олар күні-түні дәрігерлер бақылауында екенін мәлімдеді.

    "Инфекциялық орталық бөлімінде емделіп жатқан екі баланың жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылды. Олар медициналық әлемуеттік мекеме дәрігерлері бақылауында. Сонымен қатар әлеуметтік қызметтер орталығында емхана қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Ирина Тасмағамбетова.

    Қарағандыда балалардың жаппай улануы

    Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала уланып, ауруханаға жатқызылған. Жаппай улану салдарынан бір баланың көз жұмғаны белгілі болғаны туралы жазған едік.

    Кейін Қазақстанның бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова министрлер кабинетінің кулуарында Қарағандыда балалардың жаппай улануын тексеру барысында олардың тамақтан уланбағаны белгілі болғанын айтты.

    Сонымен қатар улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жағдайды Бас прокуратура бақылауға алды.

    Одан соң Қарағандыда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай улануынан кейін мекеме басшысының міндетін атқарушы мен 12 медицина қызметкері жұмыстан шығарылған болатын.

    Қарағандыда балалардың жаппай улануы: зардап шеккен екі баланың денсаулық жағдайы жақсарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.