Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұмау маусымы: Алматыда қандай вирус айналымда жүр

Опубликовано:

дене қызуы
Дене қызуын өлшеп отырған адам. Көрнекі фото: pexels.com

Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қаладағы жедел респираторлық вирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы мәлім етті. Департамент басшысының орынбасары Әсел Қалыкова KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында бүгінгі таңда мегаполисте жоғарғы тыныс жолдарына әсер ететін қандай вирустар айналымда жүргенін айтты.

Қалалық СЭБ департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласында жедел респираторлық инфекциялар бойынша (бұдан әрі ЖРВИ - ред.еск.) эпидемиологиялық ахуал тұрақты.

"Өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 24 182 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шыққандағы көрсеткіші 1130,55-і құрайды, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,4 пайызға (26 581 жағдай) төмен және бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 3,7 пайызға (25 115 жағдай) төмен. Бұл аурудың 62,9 пайызы балаларды қамтиды. Қазіргі уақытта зертханалық расталған тұмау жағдайлары тіркелмеген. Ал ЖРВИ-дың тұмаудан басқа вирустары: риновирус, аденовирус, парагрипптар айналымда жүр", - дейді СЭБ департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалыкова.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары сондай-ақ алдағы күз-қыс маусымындағы тұмауға қатысты болжамын бөлісті.

"ДДҰ-ның эпидемиологиялық және зертханалық деректерін ескере отырып, алдағы күз-қыс маусымында В вирусының қосылуымен А/H1N1/ pdm09 және А/H3N2 типті вирус субтиптерінің параллель айналымын сондай-ақ, басқа тұмау вирустары арасында А/H1N1/ pdm09 тұмау вирусының басым болатынын болжауға болады", - дейді СЭБ департаменті өкілі.

Ведомство басшысы орынбасарының айтуынша, биыл "тәуекел тобындағы" адамдарды вакцинациялау үшін жергілікті бюджет қаражатына 250 мың доза мөлшерінде Ресейде өндірілген "Гриппол плюс" үш валенттік вакцина сатып алынды.

"Алматыда тұмаудың алдын алу мақсатында қалада 25 қыркүйектен бастап "тәуекел тобындағы" адамдарды (медицина қызметкерлерін, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балаларды, алты айдан асқан көп ауыратын балаларды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері балаларын, жүрек-қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар адамдар, және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушылар, жүктіліктің 2-ші немесе 3-ші триместрінде жүкті әйелдер) тұмауға қарсы вакциналау басталды", - деп атап өтті Әсел Қалыкова.

30 қыркүйектегі жағдай бойынша Ресей шығарған тұмауға қарсы "Гриппол+" вакцинасымен – "тәуекел тобындағы" 38 375 адам және жеке медициналық орталықтарда ақылы негізде 31 адам вакцинацияланған. Тұмауға қарсы вакцинация биыл қараша айының соңына дейін жүргізіледі.

Эпидемиологтар ЖРВИ мен тұмаудан сақтану үшін дәрігердің тағайындауымен иммундау жүйесін көтеру, яғни, С дәруменін, оксолин жақпа майын қолдануды, жаппай іс-шаралар өтетін орындарға баруды қысқартуды, бөлмелерде ылғалды жинау жүргізіп, желдетуді ұсынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2039444-tumau-mausymy-almatyda-qandai-virus-ainalymda-zur/

pixel