Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы хостелде шыққан өрттен зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: Universal Images Group via Getty Images

ӨКҚ-да өткен брифингте Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков хостелде шыққан өрт салдарынан зардап шеккендердің жағдайын айтты. Төтенше жағдайдан барлығы 5 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Алматы әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Иран Шаметековтің айтуынша, зардап шеккен бес адамның төртеуіне алғашқы хирургиялық көмек көрсетілген.

"Эвакуация кезінде бұл азаматтардың денелерінің түрлі бөліктеріне зақым келген. Оларды жедел жәрдем бригадасы тексеріп, ауруханаға жеткізді. Сондай-ақ бір пациент улы газбен улану диагнозымен токсикология бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр, есін жиды және толық көлемде ем алуда", - деді Иран Шаметеков.

Хирургиялық көмектен кейін зардап шеккен төрт адам амбулаторлық ем алуға үйлеріне жіберілген.

Алматы қаласының әкімдігі бүгін таңда өрт шыққан хостелде барлығы 72 адам болғанын, олардың 12-сі студент екенін, хостел тұрғындары арасында кәмелетке толмағандардың болмағанын атап өтті.

Алматыдағы хостелде болған өрт

Бүгін, 30 қарашада таңғы уақытта Алматы қаласындағы Ади Шәріпов көшесінде орналасқан хостелден өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза болды.

Кейін қалалық полиция департменті қаза тапқан барлық адамның жеке басы анықталғанын хабарлады. Олардың тоғызы – Қазақстан, екеуі – Ресей, екеуі – Өзбекстан азаматы.

Хостелдегі өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Сондай-ақ оқиғаға байланысты хостелдегі өрттің себептерін анықтап, зардаптарын жоюмен айналысатын үкіметтік комиссия құрылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет басшысы Әлихан Смайылов қайғылы жағдай кезінде қаза тапқан марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Қазіргі таңда хостел иелері іздестіріліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2048510-almatydagy-xostelde-syqqan-ortten-zardap-sekkenderdin-zagdaiy-belgili-boldy/

pixel